Жамбыл облысында кәсіпкер 601 млн теңге салық төлеуден жалтарғаны анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 601 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

«ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті «АНК-Энерго» ЖШС директоры Түлкібаев Б.Т.-ға қатысты 601,5 млн теңгеге жуық сомаға бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Нәтижесінде сот үкімімен Түлкібаев Б.Т. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ЖШС-нің 285,8 млн теңге мүлкіне тыйым салынды.
Соңғы жаңалықтар