Жамбыл облысында қарлы жаңбыр күтілуде

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, жақын тәуліктерде Жамбыл облысында соңы қарға ұласатын жаңбыр, кейбір жерлерде тұман, көктайғақ болатыны күтілуде, деп хабарлады аймақтық ТЖД.

Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде ұйтқыған желдің екпіні 29-28 м/с дейін жетеді.

10 қаңтар күні ауа температурасы түнде 3-8, кей жерлерде 13-18 градусқа дейін төмендейтіні күтілуде.

Жамбыл облысының ТЖ бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдар, АҚ және ТЖ облыстық қызметтеріне ескерту шараларын өткізу қажеттілігі туралы телефонограмма жіберді. Жамбыл облысының тұрғындары SMS-хабарламаларды тарату арқылы ақпараттандырылуда.

Соңғы жаңалықтар