Жамбыл облысында «Қарасора-2021» операциясы басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Қарасора-2021» кең ауқымды операциясы басталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысының Шу қаласында «Қарасора-2021» кең ауқымды операциясының ашылуы болды. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Тілеген Маткенов ел өңірлерінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің басшыларымен, Ұлттық ұланның, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ облыстық полиция департаментінің өкілдерімен нұсқаулық кеңес өткізді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, кеңес барысында каннабис тобының есірткі дайындаушыларын анықтау, героин трафигі арналарының жолын кесу, сондай-ақ синтетикалық есірткіні таратуға мамандандырылған қылмыстық топтар, есірткі зертханаларын жою бойынша нақты міндеттер айқындалды.

«Жамбыл және Қызылорда облыстарының полиция департаменттерінде каннабисті тасымалдау кезінде пайдаланылуы мүмкін жерлер мен жолдарды есепке алып, патрульдеу бағыттары әзірленген. Әуе барлау жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы операция қорытындысы бойынша есірткіні өткізудің 383 және 162 сақтау фактісі, қарасораны өсірудің 233 фактісі анықталды. Жалпы ауданы 260 гектардан астам 62 плантация жойылды. Салмағы 20 тоннадан асатын 53 мың түп қарасора алынып, өртелді», - деді Нұрділдә Ораз.


Соңғы жаңалықтар