Жамбыл облысында карантин туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылда жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол әлеуметтік желілер арқылы «С понедельника 30.03.2020г. Шу закрывается на официальный карантин» деген жалған ақпарат жариялаған.

Аталған дерек бойынша Шу аудандық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылдың 30 наурызы күні жалған ақпарат таратқан 34 жастағы Шу қаласының тұрғыны анықталды. Ұсталған азамат жоғарыда аталған мәліметті әлеуметтік желілерде жариялап, қателік жасағанын мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (төтенше жағдай кезінде, көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындардан тек ресми ақпараттарға сенуді сұрайды.



Соңғы жаңалықтар