+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Жамбыл облысында карантин шарттары күшейтілді

2020 жылғы 5 сәуір 11:24
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында карантин шарттары күшейтілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында карантин шарттары күшейтілді. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді Медициналық ұйымдардың жұмысын қадағалайтын халықтық бақылау құрамыз - Алексей Цой Жақында алғашқы пациенттерді қабылдайды – Сағынтаев Halyk Arena туралы

Жедел шатбтың мәліметтеріне қарағанда, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 адам анықталды. Бір тәулік ішінде 17 адамның жұқтырғаны белгілі. Олардың барлығы сырттан әкелінген және байланыста болған адамдардан тараған. Науқастар жабық жұқпалы аурулар стационарына орналастырылды.

Қордай ауданының аумағында 6 сәуірден бастап ерекше шарттармен карантин режимі жарияланады. Қордай ауданында 3 инфекция жұқтырған адам тіркелген, олардың екеуі карантиндік стационарда болған, біреуі «Қостанай ‒ Алматы» пойызымен келген.

Ауданда олармен байланыста болған барлық азаматтарды анықтау және оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, пациенттердің тұрғылықты жерін және олардың болған жерлерін зарарсыздандыру шаралары қолға алынған.

Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Қордай ауданының шекара маңындағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға кірген барлық азаматтар карантиндік стационарға жатқызылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT