Жамбыл облысында карантин режимі жеңілдетілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында карантин режимі сақталады. Дегенмен, 11 мамырдан бастап карантиндік шараларды жеңілдетудің екінші кезеңі енгізілуде. Тиісті шешім облыстық жедел штаб және өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде ауданы 500 шаршы метрге дейінгі азық-түліктік емес дүкендердің (барлық бағыттар) және тұрмыстық техника дүкендерінің қызметіне рұқсат етілуде. Олардың жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін белгіленген.

Сондай-ақ, 11 мамырдан бастап тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу бойынша сервис орталықтары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары, жарнама агенттіктері, риэлтерлік және сақтандыру компаниялары жұмыс істей бастайды.

«Жеке медициналық орталықтардың (алдын ала жазылым бойынша), оптика дүкендерінің, фотосалондардың, гүл дүкендері мен дүңгіршектердің қызметі қайта жанданады. Жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

Жұмысты қайта қалпына келтіруде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау керек. Санитарлық тазартқыш, медициналық маска, қолғаптың және т.б. болуы тиіс.

Алайда, ірі сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, кинотеатр, монша кешендері, шаштараз бен сұлулық салондары, компьютерлік клубтар, фитнес-орталықтар және адамдар көп жиналатын басқа да орындардың, сондай-ақ қоғамдық көліктің жұмысына әлі де тыйым салынады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұдан бөлек облыс пен Тараз қаласының шекаралары бойынша автожолдарда, коронавирус ауруы анықталған елді мекендерде блокпосттар жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ, жамбылдықтарға көшеде жеке спортпен айналысуына мен жаттығуына, үйіне жақын маңда серуендеуіне рұқсат етілді.

Карантин шараларын жеңілдетудің келесі кезеңі бойынша шешімді өңірдегі қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жедел штаб қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар