Жамбыл облысында қар құрсауында қалған тұрғын құтқарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында қар құрсауында адасып кеткен азамат табылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Талас ауданында фазендасына бара жатқан тұрғын көлігі қар құрсауында қалып, өзі адасып кеткен. Оны облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары іздеп, табыпты.

«Талас ауданы Көктал ауылынан 12 км қашықтықта орналасқан фазендасына 12 наурыз күні жеке автокөлігімен кеткен тұрғын байланысқа шықпай қалған. Оның көлігін 14 наурыз күні туыстары фазендеге 5 шақырым жетпейтін аумақтан, қар құрсауында қалған жерінен тауып алған. ТЖД күшімен іздеу жұмыстары жүргізіліп, азамат табылып, құтқарылды»,-делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Құтқарылған тұрғын Көктал ауылындағы үйіне жеткізілген.


Соңғы жаңалықтар