Жамбыл облысында қант қызылшасының рекордтық өнімі жиналды (ФОТО)

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қордай ауданының қызылша өсірушілері «тәтті тамырдың» рекордтық өнімін жинады.

Аудан әкімдігінен түсіндіріп өткендей, Жамбыл облысының жетекші агрокәсіпорындарының бірі болып табылатын Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Самғау» шаруа қожалығында бір гектар жерден қант қызылшасының 700 центнері көлемінде рекордтық өнімі алынды.

Шаруашылық басшысы Евгений Трубниковтың айтуынша, соңғы үш жылда «Самғау» ШҚ тамшылап суарудың алдыңғы қатарлы технологияларын пайдалана отырып, астық жүгерісі мен пияздың жоғары өнімдерін алып отыр. Биылғы жылы мұнда озық технологияны қант қызылшасына қолдану шешілді. Нәтижесінде өнімділік рекордтық болды.

«Жақсы өнім алуымыздың құпиясы германиялық тұқым, тамшылап суарудың израильдік технологиясында болып отыр. Келесі жылы қызылша плантациясын 90 га-ға дейін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Тұқымды егу үшін арнайы тұқымсепкіштерге тапсырыс бердік», - дейді Е.Трубников.

Сондай-ақ «Самғау» ШҚ-да жерді қазу және тамырларды тазарту процесін толық автоматтандыратын комбайндарды сатып алмақшы. Бүгінде бұл жұмыстар әзірге қолмен атқарылуда. «Бұл ретте өнімділік жоғарылап, шығындар айтарлықтай төмендейді», - деп сенеді шаруа қожалығының басшысы.

«Самғау» ШҚ Меркі қант зауытына қайта өңдеуге 600 тоннадан астам тәтті тамырлар жіберіп үлгерді, тағы шамамен 100 тоннаны жеткізу жоспарланып отыр. Биыл сатып алу бағасы бұрынғыдай. Меркі қант зауыты қазан айының басынан бері тамыр жемістерін бір келі үшін 12 теңгеден қабылдап отыр.

Қордай аудандық әкімдігінде мемлекет бүгінде қызылша өсірушілерге жеңілдік негізде ыңайтқыштар, ЖЖМ, жеңілдіктер арқылы қолдау көрсетіп отырғанын еске салды. Өз кезегінде, жамбылдық шаруалар Қазақстан Республикасы Президентінің елде қызылша саласын жандандыру бойынша қойған міндетін табысты шешіп отыр.

Соңғы жаңалықтар