Жамбыл облысында қанша адам карантинге жатқызылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков өңірде коронавирусқа байланысты қанша адамның карантинде жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 наурыз күнгі сағат 07-00-дегі жағдай бойынша Жамбыл облысында мониторингке сәйкес 1А санатына кіретін елден келген 4 азамат карантиндік стационарға оқшауланған. Ал 1Б санатына жататын елден келген 67 адам үй карантинінде жатыр», - деді Берік Жарқынбеков «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев жамбылдық азамат коронавирусты Қырғыз елінен жұқтырып келгенін , Рысқұлов ауданында коронавирус табылды деген ақпарат жалған екенін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар