+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Жамбыл облысында ішімдік сатылмайтын ерекше ауыл бар

2020 жылғы 29 ақпан 09:45
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында ішімдік сатылмайтын ерекше ауыл бар

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысы Талас ауданында Қасқабұлақ ауылы бар. Бұл ауылда қазіргі таңда ешқандай ішімдік түрі сатылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған шағын ауылда 1937 жылдан бері күрді диаспорасы топтасып тіршілік кешуде. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Айта кету керек, бұл ауылдың өзіндік ерекшелігі бар. Ол – соңғы жылдары елді мекенде бірде-бір қылмыстың орын алмағандығы, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тіркелмегендігі, ауыл дүкендерінде ішімдік сатылмайтындығы десек болады.

Қасқабұлақтықтар бастамашыл әрі еңбекке бейім. Ауылда мыңға жуық халық турады. Ондағы әр отбасыда шамамен 5-6 баладан бар десек, ауыл тұрғындарының дені жастар. Бұл туралы жуырда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауданға жұмыс сапары барысында аталған ауылдың тұрғындарымен кездесуде белгілі болған.

Бердібек Сапарбаев ауылдағы 2018 жылы пайдалануға берілген, бүгінде 135 оқушы білім алатын орта мектептің жұмысымен танысып, жергілікті клубта ауыл тұрғындарымен кездескен болатын.

«Біз бәріміз – Қазақстан Республикасының азаматтарымыз. Талай сындарлы кезеңдерді бірге кешіп, соғыс жылдарындағы ауыр сәттерді бірге еңсердік. Бүгінде біздің басты байлығымыз – қоғамдағы бейбітшілік пен берік достығымыз екеніндігіне ешкім күмән келтіре алмайды. Осы орайда өскелең ұрпақты ұлттық болмыс пен үлкендерді құрметтеу секілді асыл қасиеттер аясында тәрбиелеуге аса көңіл бөлу қажет», - деп атап өткен еді аймақ басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT