Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Жамбыл облысында интернационалист-жауынгерлерге арналып әскери даңқ ескерткіші ашылды

2011 жылғы 19 ақпан 15:44 2
Бөлісіңіз:

ТАРАЗ. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысына қарасты Аса ауылында интернационалист-жауынгерлерге арналып әскери даңқ ескерткіші ашылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтағы ауған соғысының ардагерлері жергілікті билікке қаза тапқан соң Қызыл Жұлдыз орденіне ие болған, Ауғанстаннан қайтып оралмаған алты отандас жауынгердің есімдерін мәңгіге сақтайық деген ұсынысты  айта отырып, ескерткіштің ашылуына мұрындық болған.

Аса ауылынан Ауғанстанға шақырылған 120 жауынгердің қазір 76-сы осы жерде өмір сүріп жатыр.

Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 22 толуына орай өткен іс-шара аясында интернационалист-жауынгерлермен, қаза тапқан әскерлердің аналарымен және жесірлерімен кездесу өтіп, біржолғы көмек, естелік сыйлықтар табыс етілді. Интернационалист-жауынгерлердің ескерткішіне гүлдестелері қойылды.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер:
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT