Жамбыл облысында GPS-пен жедел жәрдемнің кешігу фактілері анықталуда

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бүгінгі таңда 138 жедел жәрдем көлігі GPS–навигациясымен жабдықталған. Бұл, автокөліктерді бақылауға және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, бүгінде халықтан түсетін шақыртулар «Көмек» автоматтандырылған жүйесі арқылы қабылданады және тіркеледі. Бұл жүйені енгізу үшін жергілікті бюджеттен 122 миллион теңге бөлінген. «Жедел жәрдем қызметінің сапасын жақсарту мақсатында мониторингтік топ құрылып, бақылаулы шақыртулар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4 кешігу фактісі айқындалып, жедел жәрдем стансасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылды, тиісті мемлекеттік органдарға кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады», - дейді М.Жұманқұлов.

Сондай-ақ, басқарма басшысы медициналық ұйымдарға 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйеcі енгізілгенін жеткізді. Оның айтуынша, «Халықты тіркеу регистрінде» тіркелген адамдардың 95,2 пайызының электрондық денсаулық паспорттары қамтылған.

Соңғы жаңалықтар