Жамбыл облысында ЭКСПО-2017 қонақтарына арналған қызғалдақ, қымыз фестивалі өткізіледі

None
None
ТАРАЗ.ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінде өңірлік туристік операторлармен бірлесіп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған 33 туристік бағыт жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

null
Туристік тізімге  әралуан және мазмұнды бағыттағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік  мәдени мұра тізіміне енген тарихи-мәдени нысандар енгізілді.

Бұл көне Құлан, Өрнек, Қостөбе, Баласағұн  қалалары, Ақыртас сарай кешені, Қарасай петроглифтері және тағы басқалар.
null

«Өңірдегі тоғыз туристік фирма мен «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ арасында туристердің үлкен топтарын қабылдау жөніндегі меморандум жасалды. 33 нысанның барлығында үш тілдегі анықтамалықтарымен ақпараттық стендтер жасалған. Халықаралық телекомпаниялар Жамбыл облысындағы көрнекті жерлер жайлы бейнероликтер көрсетеді», - дейді облыстық әкімдік қызметкерлері.
null

Бұдан өзге, өңірде «ЛОЛА» қызғалдақ фестивалі, «Кымыз party» және ұлттық тағамға арналған  «Бауырсак party» ұйымдастырылады. Сондай-ақ, бет әрлеушілер мен шаштараздар байқауы ұйымдастырылып, ұлттық киім үлгісі көрсетіліп, «Silk Way туры өткізілмекші.
null

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу үшін  облыста 100 ерікті дайындалды, олардың 40-ы ағылшын тілі курстарына барып жүр. Еріктілердің Астанаға барып, қайту жолына жергілікті бюджеттен 3,6 млн теңге бөлінді.
null

Болашақта Ұлы Жібек жолын қалпына келтіру мақсатында Жамбыл облысын Қырғызстан және Қытаймен байланыстыратын арнайы туристік бағыттар жасау жоспарланып отыр.   

Соңғы жаңалықтар