+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Жамбыл облысында екі күнде 50 келіге жуық есірткі анықталды

2019 жылғы 19 қыркүйек 14:53
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында екі күнде 50 келіге жуық есірткі анықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Допинг» екікүндік жедел-алдын алу шарасы барысында есірткі қылмысына қатысты 19 факті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданының тұрғынынан 4 қап марихуана табылды Қызылордада ірі көлемдегі есірткімен БҚО тұрғыны ұсталды Минскіде есірткі таратқан 37 адамға үкім шықты

Анықталған құқықбұзушылық фактілерінің 16-сы қылмыстық, 3-еуі әкімшілік санатқа жатады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Есірткі құралдарының заңды және заңсыз айналымы саласындағы құқықбұзушылықтарды анықтау жөніндегі профилактикалық жұмыстар барысында заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарының жалпы салмағы 48,4 келіні құрады. Заңсыз айналымнан 39 келіден астам «марихуана«, 9 келіден астам «гашиш«, 19 грамға жуық «канабис шайыры« шығарылса, заңды айналымнан жалпы сыйымдылығы 20 миллиграмм болатын екі «Мидакс« құтысы, күшті әсер ететін «Трамодол«дәрілік заттарының 10 таблеткасы алынды. Бұл бағыттағы шаралар үздіксіз жалғасатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы, Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткіні қолдану мен таратуға байланысты құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT