Жамбыл облысында екі аптада тапсырылған қару-жарақтың құны 9 млн теңгеге жуықтайды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында арнайы акция аясында жалпы құны 8 миллион 779 мың 425 теңгені құрайтын 161 бірлік қару тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілер және жарылғыш заттар сатып алу акциясы жалғасуда. Осы акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен 11 миллион 168 мың теңге қарастырылған.

Облыстық полиция департаментінің мамандары акция барысында атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарын тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын айтады.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше екі аптада құны 9 миллион теңгеге жуық болатын қару-жарақ тапсырылыпты.

«Бүгінгі күні заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын тапсыруға ниетті тұлғалардан 101 өтініш түсіп, барлығы 161 қару тапсырылды. Олардың ішінде 18 калибрлі винтовка 5,6 мм және 143 тегіс ұңғылы және 1 шолақ мылтық бар. Тапсырылған қарулардың жалпы құны 8 миллион 779 мың 425 теңгені құрап отыр. Ал тапсырған азаматтарға бүгінгі таңда 3 миллион 141 мың 100 теңге төленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар