Жамбыл облысында екі адам суға батып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Жамбыл облысының екі ауданында суға шомылу кезінде екі қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«11 маусым күні таңғы сағат 5:40-та Жамбыл ауданының Шоқай ауылындағы Шоқай-Каскад су қоймасына 20 жастағы жігіт батып кетті. Жамбыл облысының ТЖД жедел құтқару жасағы іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына жедел аттанды. Құтқарушылар күшімен жігіттің денесі сағат 9:40-та судан шығарылды.

10 маусым күні сағат 20:15-те Шу ауданының Төле би ауылында сол жағалаудағы арыққа белгісіз жағдайда 60 жастағы ер адам батып кетті. Ауданның ІІО-ның көмегімен мәйіт судан шығарылды», - делінген хабарламада.

Каңтар айында Жуалы ауданындағы Білікөл суына балық аулап отырған ауылдық тұрғын суға батып кеткен еді.

Жазғы маусым басталғалы Жамбыл облысында жасанды су қоймасында шомылып жүрген 37 жастағы азамат қаза тапқан. Шу ауданындағы Магистралдық су арнасында шомылған 8 және 11 жасар екі бала өлім құшты.

Жамбыл облысы ТЖД мәліметтеріне сүйенсек, 2017 жылы 33 адам суға кеткен, олардың 22-сі - бала

Соңғы жаңалықтар