+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Жамбыл облысында дәрігерлерге 36 жедел жәрдем көлігі берілді

2019 жылғы 29 тамыз 17:09
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында дәрігерлерге 36 жедел жәрдем көлігі берілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Конституция күні мерекесіне орай Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңында жедел жәрдем көліктерінің кілтін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда жедел жәрдем қызметі жандануда Атырауда жедел жәрдем көлігі машинамен соқтығысып, аударылып қалды Алматының жедел жәрдем қызметін модернизациялау мәселесі талқыланды

Облыстық бюджет есебінен алынған 39 қызметтік көліктің Жамбыл және Жуалы, Шу аудандарына 3 автокөліктен, Қордай ауданына 11, Меркі және Мойынқұм мен Сарысу аудандарына 2 автокөліктен, Тұрар Рысқұлов ауданына 9, Талас ауданына 1 автокөлік берілді.

Салтанатта шараға қатысқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев өңірдегі денсаулық сақтау саласының көрсеткіштеріне тоқталып өтті.

«Жалпы облыста 390 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді. Оның 29-аурухана. Амбулаториялық – емхана саны–350, басқалары– 11. Өткен жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 29 нысан салынды. Бұл орайда өзге өңірлердегі бюджеттік инвестициялық жобалармен салыстырғанда ол нысандардың құны айтарлықтай төмен болып, 1,4 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделді. Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде облыс аумағындағы елді мекендерде 65 денсаулық сақтау ұйымдарының ғимараттарын салу жоспарланған. Осылайша, өңірде 2020 жылға дейін қажетті ғимараттар салу мәселесі 100 пайыз шешіледі»,-деді Еркебұлан Дауылбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі орынбасарының айтуынша, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы шеңберінде биылғы жылдың жеті айында өңірге 37 жас маман келген. Жалпы, келген 37 жас маманның ішінде 9 жас маман – қалада, 28 жас маман – аудандарда еңбек етуде.

«Қалалық жедел жәрдем стансасында 2014 жылы 56 санитарлық автокөлік болса, сол жылы облыстық бюджеттен 4 көлік алынып, барлығы көлік саны 60-қа жетті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, жедел жәрдем қызметі орталықтандырылып, «Жамбыл облыстық жедел жәрдем стансасы» болып өзгертілді. Өткен жылы 253 млн теңгеге 27 дана автокөлік сатып алынып, тұрғындар игілігіне берілді. Мұның барлығы облыс тұрғындарының жайлы өмір сүру үшін жасалып жатқан шаралар», – деді Е. Дауылбаев.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT