Жамбыл облысында браконьерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылуда

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ағымдағы жылдың бес айында заңсыз балық аулаумен, оны заңсыз сатумен және тасымалдаумен байланысты 28 құқықбұзушылық дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбылдық полицейлер балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жұмыстар нәтижесі туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тыйым салынғанына қарамастан, Талас өзенінде жүйелі рейдтік іс-шаралар барысында 22 құқықбұзушы ұсталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 404 мың теңге айыппұл салынды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Сондай-ақ, аталған кезеңде Тараз қаласының сауда орындарында заңсыз балық сату мен тасымалдаудың жолын кесу бойынша бірқатар рейдтік іс-шаралар өткізілген.

«Заңсыз балық тасымалдаумен және сатумен айналысатын 6 адам анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Олардан 194 келі балық тәркіленді, іс сотқа қарау үшін жіберілді», - дейді Г. Мұхтарқұлова.

null null

Соңғы жаңалықтар