Жамбыл облысында бос жатқан ғимараттан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

2023 жылғы 15 наурыз, 15:06
Жамбыл облысында бос жатқан ғимараттан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды Фото: polisia.kz

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бос жатқан ғимараттан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

«Меркі ауданында қараусыз қалған ғимараттардың бірінен, бұрынғы аудандық тұтыну қоймасынан полиэтилен пакет табылып, оның ішінен зауыттық нөмірлері механикалық түрде өшірілген ИЖ қос, тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, әртүрлі калибрлі 12 патрон және жарық-шу гранатасы шықты. Аталған дерекке қатысты сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar