Жамбыл облысында боранда 800 қойымен бірге адасып кеткен шопан құтқарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл полицейлері жоғалған шопанды құтқарды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарысу аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне кеше кешкі сағат 19:00-де жайылымға 800 қойын айдап кеткен шопанның жоғалғаны туралы хабар келіп түскен. Ол әдеттегідей таңертең жайылымға кеткенімен, ал кешке белгіленген уақытта қайтып келмеген. Полиция жоғалған адамды іздеу бойынша ауқымды құтқару операциясын өткізді.

Үш сағаттан кейін шопан үйден бірнеше ондаған шақырым жерден табылған. Құтқарылған ер адам боранда адасып кеткенін айтты. Ол арыққа құлап, сол жерден шыға алмай қалған. Жарақаттанған, әрі әбден әлсіреген оның жағдайы қиындай түскен. Оған бірден медициналық көмек көрсетілді. Қазір ер адам ауруханада ем алып жатыр.

Қойлар түгел, қазір қауіпсіз жерге жеткізілді.

«М алды қысқы уақытта алысқа жаймауды сұраймыз, себебі ол оқыс оқиғаларға әкелуі мүмкін « , - деді Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов.


Соңғы жаңалықтар