Жамбыл облысында биыл 27 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылады
2019 жылғы 29 қаңтар 00:57

Жамбыл облысында биыл 27 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 1-3 жастағы балалардың мектепке дейінгі мекемемен қамтылу деңгейі 98 пайызға жетті. Ал, 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің мектепке дейінгі мекемемен қамтылуы 84 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде 2018 жылы 6 041 орындық 66 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Соның нәтижесінде, балабақша кезегіндегі бала саны 9 289-дан 1104 балаға дейін қысқарды. Бүгінде өңірдегі 532 мектепке дейінгі мекемеде 54 мыңнан астам бала, оның ішінде 156 жекеменшік ұйымдарда 14 334 бала тәрбиеленуде.

«Қазіргі таңда облыста 1-3 жас аралығында 10 мыңнан аса бала бар. Оларды мектепке дейінгі мекемемен қамту жұмыстарын ағымдағы жылы 100 пайызға жеткізу көзделуде. Ал, 1-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылуы 84 пайызды құраса, бұл көрсеткіш республика өңірлері арасындағы жоғары үздік үштікке еніп отыр» - дейді облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова.

Айта кету керек, ағымдағы жылы облыста 2 874 орындық 27 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда. Оның 21-і балабақша, алтауы шағын орталық.

Осыған дейін Жамбыл облысында 2019 жылы 40 медициналық нысан салынатыны туралы жаздық.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT