Жамбыл облысында биыл 10 бала терезеден құлап кеткен

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыль облысында жыл басынан терезеден 10 бала құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Жамантаева балаларды қараусыз қалдыру мәселесіне тоқталды. Ол жыл басынан бері балалардың терезеден құлауына қатысты 10 оқиға тіркелгенін айтты. Онда 2 жастан 15 жас аралығындағы балалар зардап шегіп, 1 жасөспірім қайтыс болған.

Гүлнар Жамантаеваның айтуынша, рұқсат етілмеген су айдындарында шомылатындар, сақтық шараларын сақтамайтындар көбейген. Су айдындарында қайғылы оқиғаны болдырмау үшін 2 208 рейд жүргізілген. Шара кезінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша 186, ал 364-бабы бойынша 65 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл көрсеткіш 2020 жылға қарағанда 2 есеге көбейген.

«Бүгінгі күні Жамбыл облысының су айдындарында 4 адам суға батып кетті, оның біреуі бала. 2020 жыл 7 ай ішінде суда 11 адам қаза болды, оның ішінде 4 бала. Бүгінге дейін облыс бойынша 6 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала бар. Тараз қаласында 5 адам, Сарысу ауданында 1 ересек адам құтқарылған», - деді Г.Жамантаева.


Соңғы жаңалықтар