Жамбыл облысында бір жылда 31 мыңнан аса адам жұмысқа орналасты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында былтыр жұмыспен қамтудың белсенді шараларына барлығы 39 243 адам тартылып, 31220 адам жұмысқа орналасқан. Оның 21496-ы тұрақты, 9724-і уақытша жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш бағдарлама бойынша өңірдегі 4212 адам қысқа мерзімді кәсіптік, 770 адам техникалық және кәсіптік білім беру, 1904 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен. Сонымен қатар, 1107 адамға шағын несие, 30 адамға грант берілген.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап, көзделген жоспарға қол жеткізілген. Ал, құрылған тұрақты жаңа жұмыс орындарының саны 5839-ға жетіп, меже 108,8 пайызға орындалған», - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сейдахмет Сейтбеков.

Сондай-ақ, өткен жылы жоспардағы 11675 адамның 8983-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.

Айта кету керек, бұл көрсеткіш бойынша облыс республика өңірлері арасында екінші орынға жоғарылап отыр.

Соңғы жаңалықтар