Жамбыл облысында бір жасар қыз терезеден құлап кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Оқыс оқиға Жамбыл облысының Қордай ауданындағы әскери кентте бір жасар қыз көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 шілде күні сағат 18:00-де Қордай ауданындағы қалалық типтегі Гвардейский кентінде бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің терезесінен бір жасар қыз құлап кетті. Бала аудандық ауруханаға шұғыл жеткізілді», - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиғаға ата-анасының мұқият болмауы себепші болған. Ал тұрғын үй - №1 жатақхананың ғимараты.

Соңғы жаңалықтар