Жамбыл облысында бір отбасы мүшелерінің өмірін қиған күдікті ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Шу ауданында полицейлер адам өлтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

«Жергілікті шаруа қожалығының 48 жастағы басшысын және оның 17 жастағы қызы мен 16 жастағы ұлын өлтірді деген күдікті ұсталды», - дейді ведомство өкілдері.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Шу ауданының Далақайнар кентінен 12 шақырым жердегі, таулы аймақта орналасқан шаруа қожалығының басшысы биыл Шу қаласының 42 жастағы тұрғынын жұмысқа алады. Ауқатты отбасының берекесін көре алмаған жұмысшы оларға қастандық жасаған.

«Ер адамның денесі ауладан, қызының мүрдесі бөлмелердің бірінен, ал ұлының мәйіті үйден 150 метрдей жердегі бұтаның арасынан табылды. Ұсталған жұмысшыдан өлтірген фермерге тиесілі мотоцикл, ноутбук, мобильді телефондар және ақшалар тәркіленді», - деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Күдікті айыбын мойындаған, ол Шу аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының («Адам өлтіру») 2-бөлігінің 1) тармағы (екі немесе одан көп адамды өлтіру), 14) тармағы (көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар