Жамбыл облысында бір айда 77 есірткі қылмысы анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында биылғы жылдың алғашқы айының өзінде заңсыз айналымнан 84 келі есірткі заттары алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қаңтар айында 77 қылмыстық құқық бұзушылық дерегін анықтады. Оның 18-і есірткі сату, алтауы аса ірі көлемде сақтау, біреуі – есірткі заттарының контрабандасы және 53-і қылмыстық теріс қылықтар дерегі.

«Бір айда заңсыз айналымнан 84 келі түрлі есірткі заттары, оның ішінде 25 келі марихуана, 59 келі астам гашиш, 570 грамнан астам героин және 10 грамм синтетикалық есірткі құралдары тәркіленді», - дейді Жамбыл облысының ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.


Соңғы жаңалықтар