+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Жамбыл облысында басқарма басшысы тағайындалды

2019 жылғы 24 шілде 12:26
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында басқарма басшысы тағайындалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыс әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасына Жеңіс Сариев басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды Марат Қарабаев  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календеров арнайы барып таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Жеңіс Болатұлы 1975 жылы Жамбыл ауданы, Асы ауылында туған. Білімі жоғары. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін агроөнеркәсіп кешеніндегі экономика және менеджмент мамандығы бойынша, Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Үйленген, 5 бала тәрбиелеп отырған әке.

Еңбек жолын Жамбыл ауданы, Асы совхозында жұмысшы болып бастаған Ж.Болатұлы әр жылдары Жамбыл ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің 3-ші бөлімше бастығының көмекшісі, аға көмекшісі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының Кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, басшысы, Жамбыл ауданы әкімдігінің Ішкі саясат, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшысы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, ұйымдастыру бөлімінің басшысы, облыс әкімінің бас инспекторы болып еңбек еткен. Бүгінге дейін облыс әкімі аппаратының Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT