Жамбыл облысында басқарма басшысы парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық әкімдігіне қарасты жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы 2 млн теңге пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

«2018 жылдың 27 шілдесінде аймақтық Жемқорлыққа қарсы қызметінің жасырын тергеу іс-әрекеттерінің нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Т. есімді азамат ұсталды», - делінген хабарламада.

Ол Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысынан жер телімін тиісінше рәсімдеуге көмектесу үшін 2 000 000 теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілініп отыр. Алдында 50 мың АҚШ долларына келісіп, соның 2 млн теңгесін алған болуы мүмкін.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар