Жамбыл облысында балық шаруашылығы арқылы туризмді дамытуға күш салынады

None
Жамбыл облысы әкімдігі
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында балық шаруашылығы саласында 21 инвестициялық жоба іске асып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Рысқұлов ауданында «Nomad» балық шаруашылығында балық саласын дамыту бойынша семинар-кеңес өтті.

Жиынды ашқан Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов балық өсіру саласы ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі екенін атап өтті.

Жиында табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Олжас Баққараев осы саланың ахуалы жайында баяндады.

- Жамбыл облысының балық шаруашылығын дамыту өңірлік бағдарламасына сәйкес 2022 жылы облыста 464,3 тонна тауарлы балық өндіру көзделген. 2022 жылдың қорытындысымен 483 тонна тауарлы балық өндіріліп, бағдарламадағы көрсеткіш толық орындалды. Биыл 666,1 тонна балық өндіру жоспарда,-деді Олжас Баққараев.

Былтыр жергілікті бюджеттен акваөсіруді субсидиялауға 78,2 млн теңге қаражат бөлінген.

Ал, биыл бұл сома 281 млн теңгеге артып отыр.

Айта кетейік, өңірде балық саласын дамыту мақсатында 1,4 млрд теңгеге 21 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

- Биыл облысымызда балық саласын субсидиялау көлемі үш есе артты. Біз бұл соманы жыл сайын көбейтуге тырысамыз. Өңірде балық шаруашылығын дамытудың болашағы зор. Сондықтан су қоймаларын туристік нысандарға айналдыруға болады, бұл балық шаруашылығына да, туристік саланы дамытуға да мол мүмкіндік береді, - деп қорытындылады облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар