Жамбыл облысында баласын сатқан 22 жастағы келіншек ұсталды
2021 жылғы 26 қараша 01:30

Жамбыл облысында баласын сатқан 22 жастағы келіншек ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Тоқта, трафик!» іс-шарасы барысында баласын сатқан 22 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері рейд барысында 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 2018 жылы бала туып, оны басқа отбасыға тәрбиелеуге заңсыз берген. Бұл туралы облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігі (кәмелетке толмағандарды сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азаматша кінәсін толық мойындады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 36 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шара барысында профилактикалық есепке «жеңгетайлықпен» айналысқан бір адам және жезөкшелікпен айналысқан алты әйел қойылды. Олардың бірі Алматы қаласында іздеуде болған, осыған байланысты Алматы қаласына жіберу үшін тергеу изоляторына қамалды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT