+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Жамбыл облысында баласы құқық бұзған мектеп оқушысының ата-анасына айыппұл салынды

2020 жылғы 4 маусым 10:11
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында баласы құқық бұзған мектеп оқушысының ата-анасына айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мектепте оқитын баласы құқық бұзған ата-анаға 20 АЕК көлемінде айыппл салынды.

Ұқсас жаңалықтар
Энергетика саласында еңбек етсем деймін – Әміржан Армандиев СҚО полицейлері 724 қаруды жойды Петропавл жолдарында бейнебақылау жүйесінің көмегімен 4 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша қабылданған нақты шаралар туралы мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды. Бұл мәліметті министрліктің баспасөз қызметі таратты.

«2020 жылдың сәуірінде педагогті кәсіби қызметіне қатысы жоқ әртүрлі жұмыстарға тартуға жол бермейтін, педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа нормалар күшіне енді. Бүгінгі күні Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер педагогтердің құқықтарын бұзу фактілері бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Педагогке тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу міндеттерін жүктеу фактісі бойынша Қостанай облысындағы орта мектеп директорына «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылды»,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының екі мектебінің директорларына мұғалімдерді оқу кабинеттерін жөндеуге тартқаны және педагогтерден ҚР заңнамасында көзделмеген есептілікті талап еткені үшін «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылғандығы айтылған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында мектеп мұғалімінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін былапыт сөздермен қорлау жағдайы анықталды. Аталған құқық бұзушылық үшін бесінші сынып оқушысының ата-анасына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапқа тартылды.

«Осылайша, білім беру саласындағы уәкілетті орган педагогтердің Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын азаматтық және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада көзделген барлық шараларды қолданады. Педагогтердің құқықтары бұзылған жағдайда орналасқан жері бойынша аумақтық департаментке хабарласуды ұсынамыз»,-делінген баспасөз қызметінің мәліметтерінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT