Жамбыл облысында бала өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр - ІІД

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында полицейлер бала өлімін тергеу үстінде. Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 15 ақпан күні сағат 17:00-де Жамбыл облысындағы Байзақ ауданының Бурыл ауылындағы жекеменшік үйде кәмелеттік жасқа жетпеген А.С.Дүйсенбектің зорлық белгілері бар денесі табылды.

Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөліміндегі 14-тармақшасы (кәмелеттік жасқа жетпегенді әдейі өлтіру) бойынша тергеу басталды.

16 ақпанда өз кінәсін мойындаған К. есімді күдікті азамат ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды.

«Қылмыстың қайтыс болған баланың отбасының мүлкін ұрлау ісіне байланысты болғанын, яғни тұрмыстық сипатта екені анықталды. Іс бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Жергілікті тұрғындардың алаңдаушылығына байланысты, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының басшылығы жиын өткізіп, жиналған адамдарға тергеудің алдын ала қорытындылары туралы сенімді ақпарат берілді», - делінген хабарламада.

ІІД-де елді мекендегі жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.

Соңғы жаңалықтар