Жамбыл облысында азық-түлік қоры жеткілікті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 айға қамтамасыз ете алады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, Жамбыл облысының азық-түлік қоры халықтың қажеттілігін 2-3 айға қамтамасыз ете алады.

«Жамбыл облысының көкөніс сақтау қоймалары мен өзге де қоймаларында 16,1 мың тонна азық-түлік қоры бар. Оның ішінде картоп - 1210 тонна, пияз – 5459 тонна, сәбіз – 7 363 тонна, сүт өнімдері – 675 тонна, қырыққабат – 67 тонна. Сондай-ақ, бөлшек сауда нысандарында 1,7 мың тоннадан астам көкөніс өнімдері, 350 тонна ет, 1008 тонна ұн, 488 тонна күріш, 254 тонна қарақұмық, 165 тонна макарон өнімдері, 300 тонна өсімдік майы және басқа да азық-түлік тауарлары бар»,- деді Н.КалендеровӨКҚ ақпарат алаңында.

Спикер бұдан басқа облыстың тұрақтандыру қорында 1,3 мың тонна көкөніс өнімдері, 2,6 мың тонна қант, 3 мың тонна ұн және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауар қоры сақталынғандығын жеткізді.

«Күн сайын базарлар мен қоймаларға бірінші қажеттілік өнімдерінің қосымша көлемі түсуде. Облыс әкімдігі жанындағы жұмыс тобы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне күнделікті мониторинг жүргізуде. Тауарлардың құнын негізсіз өсіру фактілері тіркелмеді. Облыс әкімдігінде сенім телефоны 45-31-24 (жұмыс уақытында) құрылды. Осыған орай облыстың әрбір тұрғыны әлеуметтік-маңызды тауарлар бағалары негізсіз өсу фактілері болған жағдайда аталған сенім телефонына хабарласса болады»,-деп атап өтті аймақ басшысының орынбасары.

Жалпы, бүгінгі таңда өңірдің азық-түлік нарығындағы ахуал тұрақты. Облыс аумағындағы сауда орындарында толассыз кезекте тұру жағдайлары тіркелмеген.


Соңғы жаңалықтар