Жамбыл облысында әйелдер педофилдердің істерін тексереді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Еліміздегі прокуратураларда кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарды тергеу жүргізудің жаңа сипаты пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жамбыл облыстық бақылау органының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының нұсқауы аясында облыс прокуратурасы ІІД-мен бірлесе отырып, кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарды полициядағы әйел қызметкерлердің тергеу жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, прокуратура органдары тарапынан осындай істерді әйел прокурорлар өз бақылауында ұстайтын болады.

«Облыстық прокуратура мен ішкі істер департаментінің штатында осындай істерді жүргізуге қауқарлы әйел-қызметкерлер саны жетерлік. Енгізілген жаңа тәртіп кәмелетке толмағандардың психологиялық тұрғыдан зақым алмауына, сондай-ақ осындай деңгейдегі қылмыстық іс бойынша зардап шегушілердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді прокуратурада.

Жамбыл облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, соңғы жылдары өңірде кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс саны артқан. 2016 жылы Жамбыл облысының аумағында 114 осындай қылмыс жасалған. 

Соңғы жаңалықтар