Жамбыл облысында әйел адам перзентханада көз жұмды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздағы перзентханада ана өлімі тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Бұл биылғы жылы болып отырған екінші жағдай»,-деді хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Жамбыл облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Берік Жарқымбеков.

«35 жастағы әйел адам облыстық перинаталдық орталыққа келіп, қарнының төменгі тұсы шаншитынына шағымданған. Тексеру кезінде нәрестенің 21-ші аптада шетінеп кеткендігі белгілі болды. Әйел жоспарлы операция кезінде ол көз жұмды».

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі Берік Жарқымбековтың айтуынша, 2017 жылы ана өлімінің екі жағдайы тіркелген.

«Қазіргі таңда болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды»,-деді спикер.

Соңғы жаңалықтар