Жамбыл облысында автокөлік бір отар қойды басып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында автокөлік бір отар қойды басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан әр түрлі дене жарақатымен 48 жастағы жүргізуші және 47 жастағы қойшы №1 Тараз қалалық ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар, 30 шақты қой және қойшының жылқысы өлген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін, 31 қаңтарда Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңыздағы тасжолының 436 шақырымында «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі бір отар қойды жолдан айдап өтіп бара жатқан 43 жастағы азаматты қағып тоқтаған. Осы сәтте бір бағыттағы 33 жастағы азаматтың басқаруындағы «Камаз 5410» маркалы жүк көлігі «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің артынан соққан»,-делінген ведомствоның хабарламасында.

Полиция департаментінің мәлімдемесіне сәйкес аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданбақ.


Соңғы жаңалықтар