+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартып жатыр

2021 жылғы 17 сәуір 23:49
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартып жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Рамазан айында Жамбыл ауданына қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен түбегейлі бас тартып, үлгі көрсетуде. Аталмыш 4 елді мекендегі 22 дүкеннің иелері ішімдік сатуға берілген лицензияларын қайтарып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл қариялары мен жалынды жастардың бастамасын тұрғындар аталған бастаманы жаппай қолдап, әр кәсіпкерлік нысанның есігін қағып, үгіт-насихат жұмыстарын жандандырды. Нәтижесінде, дүкен иелері тек осы айда ғана емес, ішімдікті мүлде сатылымға шығармайтыны туралы хабарлап, алкоголь өнімдерін сату жөніндегі лицензияларын облыстық кірістер басқармасына өткізді.

Осылайша, Рамазан айы Жамбыл ауданында ерекше леппен бастау алды.
Жұртшылықтың қуанышына ортақтасуға келген аудан әкімі Сәкен Арубаев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев кәсіпкерлік нысан иелерімен жолығып, бірлескен Алғыс хаттарын табыс етті.

Осындай жақсылықтың бел ортасында жүрген жастармен жолыққан Сәкен Арубаев:

«Бірлескен істе береке бар» деген мақал осы ауылдың тұрғындарына қарата айтылса керек. Қасиетті айдағы бұл игілік төбемізді көкке жеткізді. Дүкен иелері ішімдікті сатпай ғана қойған жоқ, олар зорлық-зомбылықтың алдын алып, түрлі құқықбұзушылықтарды жойды, – деді.

Мұндай жан жадыратар жаңалыққа Дамир Ташқараев басшылық ететін «Ар-Рашид руханият» қоғамдық бірлестігінің үлесі ұшан-теңіз екенін жергілікті жұртшылық жақсы білсе керек. Мұны аңғарған Равиль Қуанышбайұлы:

«Жастардың мейірімділіке, қайырымдылыққа, жасылыққа бет бұруы ертеңімізді айқындап тұрғандай. Бүгінде «ішімдіксіз ауыл» атанған елді мекендердің бастамасын басқа ауылдар іліп алып кетті. Олардың қатарында Мойынқұм, Байзақ ауылдары бар. Қайырлы амалға атсалысқан барша азаматтарға шексіз ризашылығымды білдіремін», – деді Равиль Төлебаев.

Ауыл азаматтары еліміздің барлық елді-мекеніне осындай қайырлы амалды эстафета етіп жолдады

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT