+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысы қалай көбейді

2021 жылғы 3 тамыз 12:01
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында ауыл тұрғындарының табысы қалай көбейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі ауыл тұрғындарының табысын жоғарылату бойынша пилоттық жобаның қалай жүзеге асырылғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында қанша шақырым жол жөнелді Таразда мұнаралы кранға шығып, секірмек болған әйел құтқарылды Жамбыл облысында таулы аумақтағы 650 гектар жер өртенді

«Біздің облыста 1 млн 200 мың халық тұрады. Оның 60 пайызы, яғни 608 мың адам – ауыл тұрғындары. Соның 328 мыңы еңбекке қабілетті. Елбасының тапсырмасымен 2019 жылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін пилоттық жоба жүзеге асқан болатын. Ол жобаны жүзеге асыруға республикадан 7,5 млрд теңге 2,5 пайыз ставкамен несиеге берілген болатын. Оған қосымша, жергілікті бюджеттен 2 млрд ақша қаралды. Соның нәтижесінде 51 мың тұрғыны бар 8337 аула, 10 аудан, 11 елдімекен қамтылды, оларға 2400-ден астам несие берілді», - деді Б. Сапарбаев Үкімет отырысында.

Әкімнің айтуынша, ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы 5 бағытта жүзеге асты: бірінші бағыт – үй іргесіндегі жерлерді пайдалану, екінші – мал басын көбейту, үшінші – ауыл сыртындағы жерлерді пайдалану, төртінші – техника беру, бесінші – кәсіп ашуға қолдау көрсету.

«Соның нәтижесінде 11 ауылдың өзінде 45 мыңнан астам мал сатып алынды, 10 мың гектардан астам жер біріктіріліп, кооператив құрылды, 190 техника алынып, өңдеу, жылыжайлар секілді 11 кәсіп ашылды. Осы жоба нәтижесінде 2 282 кәсіпкер ресми тіркелді, 589 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы бес жылда біздің жобамыз бойынша экономикалық тиімділік ең кемі 14,5 млрд теңгені құрамақ», - дейді өңір басшысы.

Сонымен бірге, ең негізгісі – Үкімет тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санын азайту.

«2019 жылы олардың саны 1 615 болса, қазір 1 058-ге азайып, 557-ні құрады. Қорыта келгенде, сол ауыл тұрғындарының орташа табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге дейін көбейді. Былтыр тек қана біздің облыста АӘК алатындар саны 18 мыңға азайды. Ол мемлекеттік бағдарламалардың арқасында деп айтуға болады. Қазіргі таңда біздің облыста 78 елдімекенде бірде-бір адам АӘК алмайды, яғни барлығы жұмыспен қамтылған, өз отбасын өздері асырайды. Қосымша 600 млн астам салық түсті. Сондай-ақ, бір жылда берілген несие толық қайтарылды, 1 млрд 300 млн теңгені қосымша айналымға жіберіп, тағы үш елдімекенге несиеге бердік», - дейді Бердібек Сапарбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT