+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Жамбыл облысында ауыл әкімі сайлауында 116 үміткер бақ сынап жатыр

2021 жылғы 25 шілде 16:11
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында ауыл әкімі сайлауында 116 үміткер бақ сынап жатыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында сайлауға жалпы 116 үміткер қатысуда. Сайлау барысында 194 байқаушы сайлаудың әділ өтуіне атсалысып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Ал облыстағы барлық сайлау учаскесіне 104 302 сайлаушы келеді деп күтілуде. Ол, әрине, ауыл тұрғындарының белсенділігіне байланысты.

Жамбыл облысында саяси науқан 38 ауылдық округте өтуде. Үміткерлердің 67 пайызы - саяси партиялардан болса, қалғаны - өзін-өзі ұсынған азаматтар. 20 пайызы – әйелдер.

«Сағат жетіде 10 сайлау учаскесі ашылып, жұмысын бастады. Сайлау учаскелері барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады»,- деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов.

Сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 76 054 (72,9 %) алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT