+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Жамбыл облысында ауыл әкімдерінің 60 пайыздан астамы жаңарды

2021 жылғы 29 шілде 09:12
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында ауыл әкімдерінің 60 пайыздан астамы жаңарды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ауыл әкімдерінің 60 пайыздан астамы жаңарды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда алғаш рет 25-шілде күні ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқанында Жамбыл облысындағы 38 ауылдық округ бойынша 122 кандидат ұсынылып, оның ішінде 111 үміткер тіркелді.

Өткен сайлау нәтижесінде тікелей дауыс беру арқылы 38 ауыл әкімі сайланды, олардың 63,2 пайызы жаңарды.

Оның үшеуі әйел әкімдер. Мәселен, Жуалы ауданы Карасаз ауылдық округіне сайланған Жанар Нұрмұратқызы бұған дейін аталған елдімекендегі әкімдіктің іс-жүргізу және есеп бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп, меритократия қағидасы арқылы қызметте жоғарылап, ауыл әкімі болып сайланды.

Жалпы әкімдердің орташа жасы – 43, бұған дейінгі көрсеткіш – 54 жас болатын, яғни, ауыл әкімдерінің жаңа буыны 11 жасқа жасарып отыр. Ең жас әкім - Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылына сайланған 28 жастағы Қуандық Ерсайын осыған дейін аудан әкімдігінде персоналды басқару бөлімінің басшысы болып қызмет еткен.


Барлық партия өкілдеріне, өзін-өзі ұсынғандарға тең жағдай жасалды. Әкім лауазымына тағайындалғандардың 31-і «Nur Otan» партиясынан, «Ауыл», «Адал», «Ақ жол», «Қазақстанның Халықтық партиясы» партияларынан бір кандидаттан жеңіске жетті. Өзін - өзі ұсынғандардың ішінен 3 адам енді ауыл әкімі лауазымында жұмыс істейтін болады.

Тағы да айта кетерлігі, өңірдегі жаңа әкімдердің 31 пайызының мамандығы экономист, 24 пайызы мұғалім, 13 пайызы инженер, 11 пайызы ауыл шаруашылығы маманы, 5 пайызы заңгер, 16 пайызы өзге мамандық иелері.

Жамбылдықтар Президенттің бұл жаңашыл реформасына толықтай қолдау көрсетіп, сайлауға белсенді қатысты. Өңірдегі 89 сайлау учаскесінде 94 642 адам, яғни сайлаушылардың 90 пайызы қатысты.

Ооблыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңадан сайланған 38 ауыл әкімдерімен кездесу өткізді. Аймақ басшысы оларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT