Жамбыл облысында аудандық аурухананың бас дәрігері парамен ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысындағы аудандардың бірінің орталық ауруханасының бас дәрігерін пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол балаларды тамақтандыру бойынша мемлекеттік сатып алу келісімі негізінде атқарылған жұмыстардың құжатына қол қою жолымен жеке компанияның өкілінен 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Тергеу жалғасуда. Күдіктінің ісіне қатысты шешімді сот анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар