Жамбыл облысында ауа райының күрделенуіне байланысты ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Жамбыл облысында қар көшкіні болуы мүмкіндігі жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«31 наурыз күні Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыс жақтан жел соғады деп күтілуде. Екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метр болады. Оңтүстік батыста желдің күші секундына 30 метрге дейін де жетуі ықтимал»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар қардың шектен тыс қалыңдығына байланысты жаңбыр жауып, күн жылына түсуіне байланысты Алматы облысының таулы аймақтарында, Талас Алатауының таулары мен Өгем шатқалында 29-31 наурыз аралығында қар көшкіні қауіпі сақталады. Қалған таулы аймақтарда қар өздігінен көшпейді деген болжам жасалып отыр. Қар көшкіні туындауы мүмкін аймақтарға саяхат жасаудың қауіпті екені еске сақтау қажет.

Соңғы жаңалықтар