Жамбыл облысында ата-анасының қарауынсыз қалған екі ер бала суға батып кетті

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Шу қаласында жергілікті тұрғын кәріз тазарту қондырғысынан 2013 жылы туған екі баланың денесін тауып, алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 9 шілде күні сағат 18.00-дер шамасында болған. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар ойнап жүріп, суға құлап, батып кеткені анықталды.

Орын алған жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының 421 тұрғынын кене шаққанын хабарлаған болатынбыз. Жамбыл облысы бойынша кене шағудан зардап шеккен 421 адам тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 426-ны құраған.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында электрлі қармақпен балық аулаған браконьерлер ұсталғанын жазған болатынбыз. Байзақ аудандық полиция бөлімі табиғатты қорғау тобының қызметкерлері Ақжар ауылындағы Талас өзенінің маңында «Volkswagen Golf» маркалы автокөлігін тоқтатады. Тексеру кезінде автокөліктің багажы мен салонынан жалпы салмағы шамамен 20 келі болатын балық салынған қапшық, резеңке қайық, балық аулау құралдары, терең металл тор, электр сымдары, электрлі қармақ аппараты, аккумулятор табылады.


Соңғы жаңалықтар