Жамбыл облысында астық алқабы жанып жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы аумағында астық алқабы әлі жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 шілдеде Рысқұлов ауданының Қарақыстақ ауылдық округіндегі «Мақсат» шаруа қожалығында (аудан орталығы құланнан 50 шақырым қашықтықта) жалпы аумағы 65 гектар (арпа – 40 га, құрғақ шөп – 25 га) болатын арпа алқабы мен құрғақ шөп жанып кеткен. Өрт сағат 16.30-да ауыздықталып, 17.17-де сөндірілді», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстары» ММ күші (5 қызметкер мен бір техника) мен ерікті өрт сөндіру құрылымдары (45 адам мен 12 техника) жұмылдырылды.

Бұдан бұрын, осы ауданда өрт сөндірушілер алты сағат бойы Құлан ауылынан 50 шақырым қашықтықтағы Өрнек ауылындағы шаруа қожалығының алқабында шыққан өртпен күрескен еді.

«Шәушен» шаруа қожалығында 190 гектар бидай алқабы, ал «Аян» шаруа қожалығында 150 гектар арпа алқабы бар.

Ведомствода атап өткендей, өрттің шығуына өңірдегі ыстық ауа райы ықпал етіп отыр.


Авторы Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар