+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болды

2021 жылғы 26 тамыз 21:02
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймасынан өрт шығып, жарылыс болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейдің Саратов қаласында үйінің ауласында снарядты кеспек болған ер адам мерт болды Жамбылда есірткі дайындап сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

«Бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттың жарылысы орын алды. Өртті сөндіруге бөлімнің шынжыр табанды өрт сөндіру машинасы мен өрт сөндіру командасы жұмылдырылған. Оларға Жамбыл облыстық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері көмек көрсетуде. Өрт ошағын жою жалғасып жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталу үстінде», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, оқиға орнына ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT