Жамбыл облысында апатқа ұшыраған АН-2 Қарағандыдағы «Олимп-Эйр» компаниясының ұшағы болып шықты - А.Нестеренко

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ТЖД құтқарушылары Шу ауданында ұшақтың құлаған аумағында іздеу жұмыстарын жүргізуде.

20 қаңтар күні шамамен сағат 15:00-де Жамбыл облысының Шу ауданында, Төле би ауылынан шығысқа қарай 45 шақырым жерде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады.

«Әулие-Ата» халықаралық әуежайы» АҚ-ның директоры Анатолий Нестеренконың айтуынша, 12 орындық АН-2 ұшағы Қарағанды қаласындағы «Олимп-Эйр» компаниясының иелігінде. Апатқа ұшырау орнына жауапкерлішік аймағы әуе авиациясының Алматы басқармасына тиесілі. Олай болғанымен, Шу ауданына жамбылдық құтқарушылар шығып үлгерді, деп нақтылады ол.

Жамбыл облыстық ТЖ департаменті басшысының міндетін атқарушы Бағдат Даниловтың айтуынша, құтқару қызметінің мамандары ұшақ құлаған жерді анықтады.

Соңғы жаңалықтар