+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Жамбыл облысында апатқа байланысты кешіккен пойыз жолаушыларына өтемақы төленеді

2018 жылғы 1 тамыз 02:00
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында апатқа байланысты кешіккен пойыз жолаушыларына өтемақы төленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жүк пойызының рельстен шығып кетуіне байланысты қажетті жеріне жете алмай қалған 5 пойыздың жолаушылары өтемақы алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Хабар24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК хабарлады.

Айта кетейік, апат бүгін таң ата Мойынты-Шығанақ теміржол бағытының Қашқантеңіз-Жастар аймағында болды. Төтенше жағдайға вагондардың бірінің бүйіріндегі рамасының сынуы себеп болған. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Оқиғаны тергеу жұмыстарымен арнайы комиссия айналысады.

«Темір жол көлігі туралы заңға сәйкес, пойыздың шығу кестесінен кешігуіне байланысты пойыз жолаушылары өтемақы алады. Оқиғаның басты себебі «Иском Транс» ЖШС-ның жеке меншігіндегі пойыз вагонының бүйіріндегі рамасының сынуы себеп болып отыр. Белгіленген заң тәртібіне сәйкес, келтірілген шығындардың барлығы жүк вагонының иесіне артылады»,-деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі басқармасының төрағасының міндетін атқарушы Марат Шәкенов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT