USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Жамбыл облысында ана өлімі көбейді

2017 жылғы 5 қаңтар 14:52
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында ана өлімі көбейді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 2016 жылы Жамбыл облысының медициналық мекемелерінде ана өлімі 3 есеге өсті. Мұндай ақпарат ана мен бала өлімін азайту бойынша штаб отырысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ана мен бала денсаулығы бөлімі басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Құралай Саринаның айтуынша, 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ана өлімі 3 рет тіркелген. Ана өлімінің көрсеткіші 12,6%-ды құраған, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 4,1%-ға өскен. Акушерліктегі қиын жағдай 3 есеге өскен.

«Қиын жағдайларды сараптау кезінде акушерлікте бала босандыру ұйымдарынының бірінші басшылары тарапынан бақылаудың төмендегені, қиын жағдайды құлақтандыру сызбасының сақталмауы, жағдайды дұрыс бағаламау және басқа да бұзушылықтар қиын жағдайға әкеліп соқтырады. Осындай оқиғалар Сарысу, Қордай, Шу аудандарында, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, №6 қалалық емханада, №2 қалаық ауруханада және Тараздағы облыстық ауруханаларында байқалды», - деп атап өтті Қ.Сарина.

Отырыста аталып өткен бала өліміне тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш 2016 жылдың 11 айында облыс бойынша тірі туылған 1000 балаға шаққанда 8,8%-ды, ал 2015 жылы - 10,6%-ды құраған. Яғни, 17%-ға төмендеу байқалады.

Бала өлімінің көрсеткіші бойынша Жамбыл өңірі ҚР тізімінде жетінші орынды алып, республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға жоғары (ҚР - 8,5%, Жамбыл облысы - 8,8%).

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT