+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Жамбыл облысында карантинге қарамастан той-томалақ тыйылмай отыр

2020 жылғы 28 қазан 21:18
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында карантинге қарамастан той-томалақ тыйылмай отыр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында карантин шектеулерін сақтау бойынша рейд жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте карантин кезінде тойханада 300 адамға арналған жиын ұйымдастырылған Қостанай облысында карантинге қарамастан той өткізетіндер азаймай тұр Шымкентте құдайы тамақ ұйымдастырғандар айыппұл төлейді

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде Тараз қаласындағы 40 адамға арналған жылын беру, Жуалы ауданындағы 50 адамға арналған үйлену тойын, Қордай ауданындағы 35 адамға арналған туған күнді, Шу қаласында отбасылық мереке және 65 адамға арналған мерейтойды анықтап, тоқтатты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша карантин режимі кезінде жаппай отбасылық іс-шараларға тыйым салынғанымен, карантин шектеуін елегісі келмейтіндер қатары азаяр емес.

«Кеше облыстық полиция қызметкерлері көптеген азамат бас қосқан алты мерекелік және еске алу шарасын анықтап, маска режимін бұзуға қатысты 17 факті тіркеді. Сонымен қатар дүкен, дәріхана, асхана, мал базарлары мен кафе-бар иелерінің арнайы талаптардың бұзылуына жол бергендігі белгілі болды. Алты ойын-сауық мекемесінің иесіне және 17 жеке кәсіпкерге, сондай – ақ өзге де жеке тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолдау үшін материалдар жиналды», - деді Жергілікті полиция басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.
Айта кету керек, бір тәулік ішінде мобильді топ 177 кәсіпкерлік нысанды тексеріп, карантин режимін бұзуға қатысты 23 факті анықтаған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT