USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Жамбыл облысында алты балалы отбасыға ауылдастары асарлатып үй салып берді

2021 жылғы 10 қаңтар 22:00
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында алты балалы отбасыға ауылдастары асарлатып үй салып берді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Қызылшарық ауылындағы көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қаражалда 12 медицина қызметкеріне пәтер кілті табысталды Байзақтағы жарылыстан қираған мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді – Жамбыл облысы Алматыда Абай даңғылынан жоғары қарай салынатын үйлердің биіктігі 3 қабаттан аспауы керек

Жамбыл ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 14 мұқтаж отбасы баспаналы болды.

Бұл жолғы баспананы Бақытжан Абдуллаевтың отбасы алды. Ол жұбайы екеуі алты бала тәрбиелеп отыр. Төрт бөлмелі кең үйдің құрылысына ауыл тұрғындары мен жергілікті кәсіпкерлер 12 миллион теңге жұмсаған. Барлық қажетті инженерлік желілер тартылып, ауласы асфальттанған.

«Мен облыс бойынша 100-ден астам отбасы жаңа үйлі болғанынан хабардармын. Таңдау отбасыма түскенін естігенде, қуаныштан төбем көкке жетті. Мен аудан басшылығына, ауылдастарыма шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сіздердің игі істеріңіз үшін жүз есе сауаптан жазсын», - деп Бақытжан Абдуллаев ағынан жарылып, әсерімен бөлісті.

«Қазақта асар дәстүрі әу бастан болған десек, ол кезде де барлығы жұмылып, мұқтаж ауылдастарына қол ұшын беріп отырған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған жоба тұрғын үйге мұқтаж отбасылар үшін үлкен демеу болуда. Игі шара міндетті түрде жалғасатын болады. Бұл біздің халқымыздың жанашырлығы мен қамқорлығының жарқын көрінісі», - деп атап өтті аудан әкімі Сәкен Арубаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT